SIG SG 550/Stgw 90 (нем.Sturmgewehr 90) - 1979-1980 жылдары жасалған швейцариялық автомат.
Тарихы
Бұл қаруды жасап шығару жайлы талапты 1978 жылы Швейцарияның қарулы күштер басшылығы қойды. 1983 жылы сәтті сынақтан өткеннен соң әскери басшылық қаруды армия қаруы қатарына алу туралы шешім қабылдады. Бірақ қаржылық күштердің жетімсіздігіне байланысты оны шығару онжылдықтың екінші жартысына қалдырылды. Ал ресми түрде SG 550винтовкасы мен оның қысқартылған түрі SG 551 автоматы 1990 жылы қару қатарына қабылданды.[1]
Қару жайлы анықтамалар
SIG SG 550 автоматикасы түтіндік газды оқпан каналынан шығаруға негізделген, бекітпені екі рет қайыру арқылы жабылады. Қайырмалы серіппесі оқпанның жанында орналасқан. Атқан кезде ол арнайы сояуыш жағасы мен оқпан қорабының алдыңғы қабырғасының ортасында бүгіледі. SIG SG 550 атқан кездегі орташа ауытқуы 300 метрде 60-70 мм құрайды. SIG SG 550 минутына 700 оқ атады.[2]