NASDAQ

NASDAQ компаниясы. Таймс Сквер, Нью Йорк қаласы

NASDAQ (ағылш. National Association of Securities Dealers Automated Quotation, «Насдак» деп оқылады — Бағалы қағаздар бойынша дилерлердің Ұлттық ассоциациясының автоматты котировкалары) — жоғары технологиялық компаниялардың акцияларына маманданған америкалық биржадан тыс нарық. АҚШ-тың негізгі үш фонд биржаларының бірі (NYSE және AMEX-пен қатар). Биржаның иесі — америкалық NASDAQ OMX Group компаниясы. NASDAQ-ты санамағанда, бұл компанияға 8 еуропалық биржа тиесілі.

NASDAQ 1971 ж. 8 ақпанында құрылған. Атау биржаға бастау салған котировкаларды автоматты түрде алуға арналған жүйеден шыққан. Қазіргі сәтте NASDAQ 3200-ден астам компаниялардың акциясын алып-сатумен айналысады.

NASDAQ индекстері

NASDAQ-та жоғары технологиялық компаниялардың акциялары ғана белгіленіп қоймайды,сондықтан олардың әрқайсысы экономиканың тиісті саласындағы жағдайды көрсететін индекстердің бүкіл жүйесі пайда болды. Қазір NASDAQ электрондық жүйесінде сатылатын бағалы қағаздардың баға белгіленімдеріне негізделген осындай он үш индекс бар.

Nasdaq Composite

Nasdaq Composite индексі NASDAQ биржасында белгіленген барлық компаниялардың акцияларын қамтиды (барлығы 5000-нан астам). Нарықтық құны келесі түрде есептеледі: компания акцияларының жалпы саны бір акцияның ағымдағы нарықтық құнына көбейтіледі.[1]

Nasdaq-100

Nasdaq-100-ге акциялары NASDAQ биржасында сатылатын капиталдандыру бойынша ең ірі 100 компания кіреді. Индекске қаржы секторының компаниялары енгізілмейді.[2] 2021 жылғы жағдай бойынша Nasdaq-100-дің 57%-ын технологиялық компаниялар құрайды.[3] Биржада Nasdaq қор QQQ тикерімен Nasdaq-100 динамикасын жоғары дәлдікпен қайталайды.[4][5]

NASDAQ басқа индекстері

  • NASDAQ Bank Index — банк секторының компаниялары үшін
  • NASDAQ Biotechnology Index — медициналық және фармацевтикалық компаниялар үшін
  • NASDAQ Computer Index — компьютерлерге бағдарламалық және аппараттық жасақтама әзірлейтін компаниялар үшін
  • NASDAQ Financial Index — банктер мен сақтандыру компанияларынан басқа, қаржы секторының компаниялары үшін
  • NASDAQ Industrial Index — өнеркәсіптік компаниялар үшін
  • NASDAQ Insurance Index — сақтандыру компаниялары үшін
  • NASDAQ Telecommunications Index — телекоммуникациялық компаниялар үшін.

Дереккөздер

  1. Index Metology Nasdaq Composite. indexes.nasdaqomx.com. Тексерілді, 16 желтоқсан 2021.
  2. Five facts about the Nasdaq 100 index. morningstar.com.au. Тексерілді, 16 желтоқсан 2021.
  3. Best Nasdaq 100 Brokers Guide. comparebrokers.co. Тексерілді, 16 желтоқсан 2021.
  4. Invesco QQQ Trust, Series 1. nasdaq.com. Тексерілді, 16 желтоқсан 2021.
  5. Q: Why Did QQQQ drop a Q to Become QQQ?. wsj.com. Тексерілді, 16 желтоқсан 2021.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!