III Георгтің ұзаққа созылған (60 жылға жуық, билеу ұзақтығы бойынша Виктория және II Елизавета патшайымдардан кейін үшінші орында) билеуінің тұсында бірнеше революциялық оқиғалар болды. Атап айтқанда, америкалық колониялардың Британиядан бөлінуі және АҚШ-тың құрылуы, Ұлы француз революциясы және Наполеондық соғыстармен аяқталған ағылшын-француз саяси және қарулы қақтығысы. Георг тарихта психикалық ауырудың құрбаны ретінде қалды, сондықтан оның үстінен 1811 жылы регенттік орнатылған.
Титулдары
1801 жылдан бастап мемлекет атауы ресми түрде Ұлыбритания Патшалығы емес, Біріккен Патшалық (ағылш.United Kingdom) деп атала бастады; дәл осы жылы III Георг (республикалық Франциямен қарым-қатынасты орнықтыру барысында) Жүзжылдық соғыстан бері ағылшын патшалары, кейін британ патшалары қолданылып келген «Франция патшасы» титулынан бас тартты. 1814 жылы (бұл кезде Георг жазылмас дертке ұшырап, регенттік өз күшіне енген еді) Ганновер патшалық дәрежесін алып, III Георг Ганновер Патшалығының алғашқы патшасы атанды.
Патшаның америкалық колонистерді репрессияға ұшырату саясаты Англияда танымал еді. Кейін бұған қарсы көтеріліс басталып америкалық колонистер өз тәуесіздігін алуға ұмтылды, осыдан кейін бұл оқиғаға 1778 жылыФранция да араласады.