Бұл мақалада болашақта болатын оқиға туралы баяндалады. Оқиға уақыты жақындап және жаңа ақпарат пайда болған сайын мақала мазмұны түбегейлі өзгеруі мүмкін. Оқиғаның күтілетін уақыты: мамыр 2025.
Бұл мақала Eurovision ән байқауының 2025 жылғы шығарылымы туралы. Junior Eurovision ән байқауының 2025 жылғы шығарылымы үшін Junior Eurovision ән байқауы 2025 деген бетті қараңыз.
Eurovision ән байқауы 2025 United by Music[1] («Музыкамен біріккен»)
Әр елдің кәсіби қазылар алқасы 10 әнге 12, 10, 8–1 ұпайдан тұратын топтаманы береді. Дүние жүзіндегі көрермендер 20 әнге дауыс бере алады және олардың дауыстары пропорционалды түрде бөлінеді. Қазылар алқасының және көрермендердің дауыстары барлық дауыстардың 50% құрайды.
Eurovision ән байқауы 2025 (ағылш.Eurovision Song Contest 2025, фр.Concours Eurovision de la chanson 2025, нем.Eurovisionsliedstreit 2025) — жыл сайын өткізілетін Eurovision ән байқауының өткізілуі жоспарланған 69-шығарылымы. Алдыңғы жылы өткен «Eurovision 2024» ән байқауындағы «The Code» әнімен Nemo-ның жеңісінен кейін 2025 жылғы Eurovision ән байқауы 2025 жылғы 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында ШвейцарияныңБазель қаласындағы «Санкт-Якобсхалле» аренасында өтеді.[4] Бұл Eurovision ән байқауының Швейцарияда соңғы рет 1956 жылыЛуганода және 1989 жылыЛозаннада өткізілген байқаулардан кейін үшінші рет өткізілгені болады. Eurovision ән байқауының 2025 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Swiss Broadcasting Corporation (SRG SSR) телекомпаниясы болады. Байқаудың жартылай финалдары 2025 жылғы 13 және 15 мамырда, ал финалы 17 мамырда өткізілуі жоспарланған.[5]
Өткізілу орны
2025 жылғы Eurovision ән байқауы алдыңғы жылы өткен «Eurovision 2024» ән байқауындағы «The Code» әнімен Nemo-ның жеңісінен кейін ШвейцарияныңБазель қаласында өткізілуі жоспарланған. Байқаудың өткізілу орны ретінде 12 400 орынды жабық спорттық және концерттік іс-шараларды өткізу орны ретінде қызмет ететін Санкт-Якобсхалле аренасы таңдалды. Арена Базель-ЛандтағыМюнхенштайн муниципалитетінде, Базель-Штадтпен шекаралас жерде орналасқан.[5]
Өткізуші Базель қаласы (көк түспен), шорт-листке енген қалалар (жасыл түспен), іріктеу байқауына өтінім берген қалалар (қызыл түспен) және қызығушылық танытқан, бірақ ақырында өтінім бермеген басқа қалалар мен елді мекендер (сұр түспен)
Байқауды өткізу құқығын алдыңғы жылғы байқауда жеңімпаз атанған Аустралиядан басқа барлық ел автоматты түрде алады, Аустралия жеңген жағдайда Eurovision ән байқауы Еуропалық хабар тарату одағы мен Special Broadcasting Service телекомпаниясы таңдаған еуропалық елде өтеді.
Швейцария 2024 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін келесі күні, 12 мамырда Женеваның жергілікті билігі 2025 жылғы шығарылымды Palexpo конференция орталығында өткізуге қызығушылық танытып, ресми өтінім берді.[6][7] Сол күні Базель-Штадт үкіметінің президенті Конрадин Крамер 2025 жылғы шығарылымды Базельде өткізуге қызығушылық танытатынын мәлімдеді.[8] 12 мамыр күні ықтималды өткізілу орын ретінде Санкт-Галлендегі Olma Hall ұсынылды.[9][10] 13 мамыр күні 1956 жылғы шығарылым өткен Лугано қаласы 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты. Оның басты себебі — Луганода және Тичино кантонында қолайлы орындардың жоқтығы, қалада 15 мыңға дейін көрерменді қабылдай алатын орындар жоқ. Берн кантоны үкіметінің президенті Филипп Мюллер бұл байқауда «антисемитизмнің өсуіне» сілтеп, байқауды Швейцарияның де-факто астанасы Бернде өткізуді қаламайтынын білдірді.[11][12] Мюллерге 15 мамырда бүкіл кантондық Берн үкіметі ашық түрде қарсы шықты. Кантон кеңесі Nemo-ны құттықтап, байқаудың Бернде ұйымдастырылуына қолдау көрсететінін мәлімдеді.[13] Осы уақытта Цюрих қалалық кеңесі өтінімді талқылау үшін «жоғары басымдылықтағы» отырыс өткізді деп хабарланды.[14][15] 14 мамыр күні 1989 жылғы шығарылым өткен Лозанна қаласы инфрақұрылымның жоқтығына сілтеме жасап, 2025 жылғы шығарылымды өткізуге өтінім беруден бас тартты.[16] 15 мамырда Nemo-ның туған қаласы Биль бұл іс-шараға қатысуға және оны бірлесіп өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді.[17] 17 мамыр күні Фрибур қаласының жергілікті үкіметі өтінім берудің ықтималдылығын қарастырып жатқанын мәлімдеді.[18] 5 маусым күні Базель-Штадт үкіметі байқаудың өткізілуі ықтимал орындары ретінде Санкт-Якобсхалле мен Санкт-Якоб Паркты ұсына отырып, қалалар арасындағы іріктеу байқауына қатысатынын растады.[19] 6 маусым күні Биль және Берн муниципалитеттері бірлескен өтінім берудің ықтималдылығын жариялады.[20][21] 12 маусым күні Санкт-Галлен іс-шараны өткізуге қойылатын талаптарға сай келмейтініне байланысты өтінімді ұсынбайтынын хабарлады.[22]
SRG SSR телерадио хабарын таратушысы 2024 жылдың 27 мамырындағы аптада байқауды өткізуге мүдделі қалаларға қойылатын талаптар тізімін шығару арқылы қалалар арасындағы іріктеу байқау процесін бастады.[23]Базель, Берн, Женева және Цюрих ресми түрде қызығушылық танытып, 28 маусымда өтінім беруін аяқтады.[24][25] Байқауды өткізуші елдің телерадио хабарын таратушысының өкілдері шілденің басында іріктеу байқауына қатысушы төрт қалаға барды,[26][27] ал 19 шілдеде Базель мен Женеваны іріктеп, шорт-листке енгізді.[28] 30 тамызда ЕХТО және SRG SSR қабылдаушы қала ретінде Базельді жариялады, ал таңдалған өткізілу орны ретінде Санкт-Якобсхалле болды.[29]
Белгілер: † Өткізуші қала
* Шорт-листке енген
^ Жеребеге өтінім берген
Қатысушы елдердің жартылай финалындағы өнер көрсету ретін анықтау үшін жеребе салу ұйымдастырылады. «Блокталған дауыс беру» ықтималдығын азайту және жартылай финалдағы шиеленісті күшейту үшін жартылай финалистер тарихи дауыс беру үлгілеріне негізделген бірнеше себетке бөлінген. Жеребе өткен жылғы жеңімпаз ел мен «Үлкен бестіктің» (Франция, Германия, Италия, Испания және Ұлыбритания) қай жартылай финалда дауыс беретінін де анықтайды.
Қатысушы елдер
Eurovision ән байқауына қатысу құқығына ие болу үшін Eurovision жүйесі арқылы байқауды қабылдауға және оны бүкіл ел бойынша тікелей таратуға қабілетті Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын ұлттық телерадио хабарын таратушысы қажет. ЕХТО барлық белсенді мүшелерін байқауға қатысуға шақырады. «Үлкен бестікке» кіретін елдер мен қабылдаушы ел Швейцария байқаудың финалына автоматты түрде өтеді деп, ал қалған барлық елдер екі жартылай финалдың біріне орналасады деп күтілуде.
2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 38 ел Eurovision 2025 ән байқауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Черногория екі жыл үзілістен кейін жарысқа қайта оралады және алдыңғы жылғы байқауға қатысқан 37 елдің қатарына қосылады.[39]2013 жылғы байқауда Who See тобымен бірге өнер көрсеткен Нина Жижич байқауға қайта оралады.[40]
Eurovision 2025 ән байқауының қатысушылары[39][41]
Босния және Герцеговина — 2024 жылға арналған телерадио хабарын тарату бағдарламасында Босния және Герцеговина радио және телевидениесі (BHRT) өзінің бір жылға арналған жоспарларын, оның ішінде «2025 жылы Eurovision ән байқауына қайта оралу мүмкіндігін қарастыратын уақыт келді» деген мәлімдемесін жасады. Қазіргі уақытта телерадио хабарын таратушы өзінің қарыздарының кесірінен ЕХТО санкциясында.[78] Босния және Герцеговина соңғы рет 2016 жылғы байқауға қатысты.
Нидерланд — 2024 жылдың 6 маусымында голландиялық AVROTROS телерадио хабарын таратушысы 2024 жылғы байқаудың қайшылықтарынан кейін, соның ішінде сол жылғы Нидерланд өкілі Йост Кляйнді финалдан шеттетуден кейін өзінің 2025 жылғы байқауға қатысуы байқауды ұйымдастырудағы «құрылымдық түзетулерге» байланысты болатынын мәлімдеді.[79]
ЕХТО мүшелері емес
Косово — 2024 жылдың 6 маусымында RTK телерадио хабарын таратушысының бас директоры Шкумбин Ахметчекай ЕХТО-ға Eurovision 2025 ән байқауына қатысуға рұқсат беруін сұрайтын ресми хат жолдады.[80][81]
Лихтенштейн — 2024 жылдың мамыр айында Lichtensteiner Vaterland газеті елдің ұлттық телерадио хабарын таратушысы «Radio Liechtenstein» Eurovision ән байқауында дебют жасау мақсатында ЕХТО-ға мүшелікке ұмтылуда деп хабарлады.[82][83]
Қатыспайтынын растаған елдер
Словакия — 2024 жылдың 8 сәуірінде Словакияның RTVS телерадио хабарын таратушысының маркетингтік коммуникация бөлімінің басшысы Зузана Вицелова бюджеттің қысқаруына байланысты Словакия 2025 жылы байқауға оралмайтынын мәлімдеді.[84] Словакия соңғы рет 2012 жылғы байқауға қатысты.
Өндіріс
2025 жылғы Eurovision ән байқауына швейцариялық ұлттық Swiss Broadcasting Corporation (SRG SSR) телерадио хабарын таратушы компаниясы продюсерлік етеді. Негізгі команда атқарушы продюсердер ретінде Рето Перитц пен Мориц Штадлерден[85] және шоу жетекшісі ретінде Ив Шифферледен тұрады. Алдыңғы шығарылымдағы рөлдерін Кристер Бьоркман байқау жетекшісі ретінде және Тобиас Оберг өндіріс басшысы ретінде, сонымен қатар, өзге де өндіріс қызметкерлері, соның ішінде Надя Буркхардт-Тракол іс-шараның жетекшісі ретінде, Манфред Винц қаржы басшысы ретінде, Аврору Шатар қауіпсіздік бөлімінің басшысы ретінде және Кевин Штубер заң бөлімінің басшысы ретінде қайталайды.[86][87]
Байқауды ұйымдастыру 2025 жылға дейін қайта құрылымдалады; Бұл туралы ЕХТО 2024 жылғы 1 шілдеде 2024 жылғы байқаудың даулы мәселелерін қарастырғаннан кейін хабарлады.[88]Мартин Эстердаль2021 жылғы шығарылымнан бері атқарып келген атқарушы супервайзер лауазымы шоу супервайзері болып өзгертілді және екі жаңа лауазым құрылды: Eurovision ән байқауы директоры және бренд және коммерция бөлімінің басшысы. Eurovision ән байқауы директоры шоу супервайзері мен бренд және коммерция бөлімінің басшысының жұмысын қадағалайды.[89]
↑Claude voor Nederland naar Songfestival 2025(нид.) (19 желтоқсан 2024). — «Het liedje dat hij zal brengen, horen we in maart pas. Aan tafel bij Eva, de talkshow van Eva Jinek, verklapte Claude dat zijn lied ‘tweetalig zal zijn’. Hij werkte voor zijn inzending samen met Arno Krabman, Joren van der Voort en Léon Paul.»
↑Sve što treba da znate o finalistima Montesonga (cnr). RTCG (17 қараша 2024). — «U dvorani Voco u Podgorici predstaviće pjesmu baladu ,,Dobrodošli” koju potpisuju Boris Subotić, Violeta Mihajlovska i Darko Dimitrov.»