Басқа мағыналар үшін Өрнек деген бетті қараңыз.
Өрнек — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Өрнек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Құлан ауылынан батысқа қарай 47 км-дей жерде, бұта шоғыры аралас нарғия, сұлыбас, т.б. астық тұқымдасты шөптесін өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты тауалдының қуаң шөлейтті белдемінде орналасқан.
Халқы
Саны (2009, 2021)[1]
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1610 |
▼1461 |
90,7 |
824 |
▼732 |
88,8 |
786 |
▼729 |
92,7
|
Тарихы
Ауыл 1962-1997 жылдары қой өсіретін Алғабас кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Өрнекте 1997 жылдан «Өрнек» өндірістік кооперативі, ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы
Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер