Әуелбек Ізтайұлы Ізтаев (28 ақпан 1950 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жылға ауылы) – ғалым, техникалық ғыл. докторы (1993), профессор (1994). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.[1]
1972 жылы Одесса тамақ өнеркәсібі технологияларының институтынтын бітірген. 1973–75 ж. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы бөлімшесінде (қазіргі Алматы технол. университеті) ассистент, 1975 – 78 және 1990 – 92 ж. Мәскеу тамақ өнеркәсібі институтында аспирант, докторант, 1979 – 96 ж. Алматы технол. университетінде оқытушы, доцент, сырттай оқу факультетінің деканы, Алматы технология және бизнес университетінің проректоры болды. 1996 жылдан Алматы технол.университетінің “Астық және нан өнімдері технологиясы” кафедрасының меңгерушісі қызметінде. Негізгі ғыл. еңбектері элеваторларда, астық, нан өнімдерін өндіру кәсіпорындарында астықты қабылдау, топтастыру, өңдеу, сақтау, ұн, жарма, құрамажем, нан, макарон өнімдері технологияларын дамыту және тех. жабдықталуын ғыл. тұрғыдан негіздеуге арналған. Ол агр. ғылым саласында астық технологиясының жаңа теориясын қалыптастырған, бидайдың жаңа тұқымдарының технол. белгісі бар сұрыптарын шығаруда кешенді матем. үлгілер арқылы ғыл. негіздеме жасады. І-тың 450-ден астам ғыл. еңбегі, соның ішінде 10 монографиясы жарық көрді. Әуелбек Ізтаев бірнеше медальдармен марапатталған.[2][3][4][5][6][7]
Дереккөздер
- ↑ Рахаев Нұрғали Баймаханұлы, Қамбарова Зухра Медеуқызы Сіргелі Батыр-Жайдақ шежіресі / Редактор: Раушан Өскенқызы — Алматы: Нұрлы Әлем, 2022. — 888 б. — 5000 таралым. — ISBN 978-601-205-708-9.
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- ↑ Шығ.: Астықтану және диқаншылық негіздері, А., 1994
- ↑ Ионоозонная технология в производстве зернопродуктов, А., 2001
- ↑ Научные основы формирования технологического и транспортного потока зерна, А., 2002
- ↑ Научные основы хранения зерна, А., 2002
- ↑ Астық өнімдерінің технологиясы, А., 2006.