Әнет баба

Мынаған бағыттайды:

Әнет баба - "Жеті Жарғыны" құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Жас кезінде Бұхарада медресе бітірді. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болды. Әділдігімен, діндарлығымен аты шықты. Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтқан. Бірәқ оған мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбеді. Ол Мамырды атып өлтіріп, "енді тентегіңді сен де өлтір" деген ауыр шарт қойған. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген әнет баба "Қалқаман атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын" деген тоқтамға келді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылды. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел "Ақтабан шұбырындыға" ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалған. Кейін Көкенай бастаған батырлар бидің сүйегін тауып жерледі.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!