Әл-Марвази Шариф аз-Заман Тахир

Әл-МАРВАЗИ, Шариф аз-Заман Тахир (11 ғ-дың 2 жартысы - 12 ғ-дың 1-ші ширегі) - орта ғасырда араб тілінде жазған табиағатты зерттеуші ғалым, дәрігер. Мервте туып өскен. Салжұқ сұлтаны Мәлік Шахтың (1072-92 ж.) және оның мұрагерінің сарайында дәрігер болған. Ол 1120 жылы жазылған «Табаий әл-Хайвани» (Хайуандар табиғаты) атты шығармасымен мәлім. Негізінен, зоология тақырыбына арналған бұл еңбектің бірінші бөлімінде адамзат нәсілдері мен география мәселелері пайымдалған. Онда Үндістан, Қытай, Тибет, Қиыр Шығыс елдері жайында қызықты деректер бар. Қытай мен түрік билеушісінің Махмуд Ғазнауиге елші жібергені туралы мәліметі ерекше назар аудартады. Әл-МАРВАЗИ, Шариф аз-Заман Тахир еңбегінің түріктер туралы тарауында оғыз, кимек, қырғыз, т.б. түрік тайпаларының орналасуы, шаруашылығы, рухани мәдениеті сипатталады. Сонымен қатар, Шу мен Талас өңірінде, Жетісуда жайғасқан қарлұқ тайпасының рулық құрамы жайлы мағлұмат құнды дерек болып табылады. [1]

  1. "Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!