Әліхан Торғауытұлы Мелдебеков

Әліхан Торғауыттегі Мелдебеков (24.3.1948 жылы туған, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы) — Ауыл шаруашылық ғылым докторы (1991), професcор (1994), ҚР ӨҰА-ның академигі (2003).

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[1]

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық унилерситетін) бітірген (1970). 1973-2003 жылы Қазақтың мал шаруашылық технологиялық ғылыми-зертханалық институтында директор (1993-2003), 2003 жылдан Зоология институтынның директоры ұлы еңбектері, негізінен ірі қарамалдың етті бағыттағы тұқымдарының өсіп-өнуіне және одан алынатын өнімді көбейту жолдарын қарастыруға бағытталған. Сонымен қатар жайылымды тиімді пайдалануды, күнделікті қолданылатын тәуліктік азықтандыру мөлшері мен құрамының бірқалыптылығын, малды жеңіл құралымдардан жасалған қораларда ұстау тәсілдері мен тиімділігін анықтады. Мелдебековтің ұсынысымен су жылуымен дайындалған, жан-жақты ғылыми тұрғыдан сараланған тәуліктік азық құрамымен малдарды бордақылау республиканың көптеген аймақтарында іске асырылды. Ол — “Жетісу” етті ірі қара тұқымын шығарушылардың бірі. 190-нан астам ғылыми еңбектің авторы, өндіріске экономикалық жағынан тиімді 15 ғылыми ұсыныс енгізген.

[2]

Дереккөздер

  1. Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!