Әли әл-Исфиджаби

Әли әл-Исфиджаби - (1062–1141) — Оңтүстік Қазақстандағы көне Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған оқымысты. Әли-Әл-Исфиджаби туралы мәлімет өте аз. Толық аты-жөні Әли Ибн Мухаммад әл-Исфиджаби. Мухаммад — әкесінің аты. Іли бин Мұхаммед әл-Исфиджаби жайлы дерек ХІІ ғасырда өмір сүрген Орта Азиялық - Әбу Омардың (1190 ж.қ.б.)«Фатауа әл-Уаттабина»Уаттабидің бәтуасы») деген еңбегінде бар.Мұсылман діні ғылымының (фиһқ) қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндайтын бұл еңбекте автор осы сала бойынша өзіне дейін жазылған, өзі үйреніп үлгі тұтқан зиялылардың бірқатарын атап кетіпті. Солардың арасында Сайрамнан шыққан Әли бин Мұхаммед Әл-Исфиджабидің де есімін кездеседі. Соған қарағанда сайрамдық оқымысты да әл-Уаттаби секілді мұсылман заңы білгірлерінің бірі болса керек. Бірақ, бір өкініштісі, әл-Уаттаби оның өмірі мен қызметі һәм шығармашылығы жайлы ештеңе де айтпаған. Жерлесіміздің мұрасы дін ғылымына қатысты болса оны біздіңше әлем кітапханаларының қолжазба қорларынан іздей берген жөн. Өйткені ұрпақтарына ол туралы айтылған немесе жазылған бір жол болса да аса қымбат.[1][2]

Дереккөздер

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!