Әзімбай Лекеров

Әзімбай Лекеров (1901, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қызылшілік а. — 26.2. 1938, Алматы) — қоғам қайраткері, экономист-ғалым, проф. (1932).

Философиялық,саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аудару жұмыстарына басшылық жасады. Зайсан өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысқан. 1920 — 21 ж. Семей губ. аткомының нұсқаушысы, 1921 — 22 ж. Қарқаралы, Павлодар уездік аткомдарының төрағасы, 1923 — 25 ж. Бөкей, 1925 — 26 ж. Ақтөбе губ. аткомдарының төрағасы, “Кедей” газетінің редакторы, 1926 — 27 ж. респ. халық ш. орт. кеңесінің төрағасы, ҚазОАҚ пен БОАК мүшесі болды. 1927 — 32 ж. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік ун-ті жанындағы курсында, Қызыл профессура ин-тінің экономика ф-тінде оқыды. 1932 — 34 ж. Қазақ АКСР Жоспарлау комиссиясы төрағасының орынбасары, КазПИ-дің саяси экономия және кеңестік шаруашылық теориясы кафедрасының меңгерушісі, 1934 — 37 ж. Қазақстан марксизм-ленинизм ғыл.-зерт. ин-ты директоры қызметтерін атқарған. Л. филос., саяси әдебиеттерді қазақ тіліне аудару жұмыстарына басшылық жасады.

Кеңес өкіметіне қарсы күресті деген желеумен саяси қуғын-сүргінге ұшырады. 1957 ж. 7 желтоқсанда КСРО Жоғ. соты әскери алқасының шешімімен ақталды.

1938 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!