Бақтыбаев Әбілхайыр (25.8.1938 ж.т., Тәжікстан, Қорғантөбе қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1992), проф. (1993), ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. (1996). Тәжік мемл. ун-тін (1961) және КСРО ғылым академиясының Ленинград физ.-тех. ин-тының аспирантурасын (1970) бітірген. Алғашында Қорғантөбе қ-ндағы орта мектепте мұғалім (1961–1962), Тәжік мемл. ун-тінде аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, ф-т деканының орынбасары (1962–1966, 1971–1973) болған. Шымкент қ-ндағы Қазақ хим.-технол. ин-тында аға оқытушы (1973–1975), кафедра меңгерушісі (1975–1993) және 1993 жылдан Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент қ-ндағы бөлімшесінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Кинетика разрушения совершенных кристаллов и гетерегенных материалов» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.-зерт. еңбектері негізнен қатты дене физика мәселесіне арналған. Б. 77 ғыл. еңбектің авторы.
[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы