Әбу ТаҺир Мұхаммад ат-Тарази, Әбу ТаҺир Мухаммадбин Әбу Нәсір ИбраҺимбин Маккиат-Тарази ( т.-ө. ж. б.) — Тараздан шыққан ортағасырлық ақын.
Жастайынан әкесі - Әбу Насыр ИбраҺиммен бірге ИсфаҺан қаласына қоныс аударып, сонда өмір сүрген. XII ғасырда Тараз қаласынан қоныс аударғандар ИсфаҺан қаласында шоғырланып, бір төңіректе тұрғандықтан, ол төңірек Тараз махалласы атанған. ИсфаҺанда өзінің ақындығымен танылғаны үшін жергілікті тұрғындар оны "Һаджир" (келімсек) ақын деп атаған. Оның шығарған жырларынан бізге дейінгі ортағасырлық араб тарихшысы Йақұт әл-Хамауи ар-Руми жазып алған жолдары ғана жеткен. Бұл жырдың үзіндісінде «Киік менің жарамды тырнайды, Жанарыма ұйқы бермейді. Ол түркі нәсілді Тараз киіктерінен еді. Оның екі бетінің сұлулығы жібек іспетті. Оның екі беті Тараз іспетті хош иісті,»- деген жолдар бар. Оның қаламынан туған бұл жыр жолдарынан Отанынан алыс кеткен адамның туған даласы мен жерін, елін аңсаған көңіл-күй сезіледі. [1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005. ISBN 9965-095-8