Қысқаша өмірбаяны
Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов (1956 жыл,Түркістан облысы Түркістан ауданы) — техника ғылымдарының докторы (1991), професор (1994), Қазақстан ұлттық академиясының корреспондент мүшесі (1995).
- 1976 - ҚазМУ-ді бітірген.
- 1976—77 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде аға лаборант;
- 1977 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Химия-металлургиялық институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, лаборант, бөлім меңгерушісі;
- 1985 — 87 ж. - Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі;
- 1992 — 93 ж. - Қазақстан ұлттық академиясының Орталық Қазақстан бөлімі төрағасының орынбасары болды.
- 1993 жылдан - Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталық директорының орынбасары, бірінші орынбасары.
Еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары мысты электролиздік рафинадтау, сондай-ақ, электр мембраналық және гидролиздік процестер негізінде ерітіндідегі ауыспалы металл тұздарын бөлу мәселелеріне арналған. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменов тұз ерітінділерінің физика-химия қасиеттерін (ерігіштігі, электр өткізгіштігі, т.б.) олардың электр мембраналық жүйелердегі күйлерімен байланысты қарастырды. Әбдірәсіл Алдашұлы Жәрменовтің басшылығымен өндірістік электролиттерді тазалаудың тиімділігі жоғары және экология таза технологиясы жасалып, өндіріске (“Балхашмыс” және Қарағанды тау-кен машиналары өндірістік бірлестіктерінде) енгізілді.
Шығармалары:
- Полимерные ионитовые мембраны в гидроэлектрометаллургии меди, А.-А., 1988;
- Применение биполярных мембран для корректировки состава медного электролита.
- В сборнике: Физико-химические основы комплексной переработки минерального сырья Казахстана, Қарағанды, 1989 (соавтор).[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ энциклопедиясы