Әбдірахман Өскенбаев

Әбдірахман (Әбіш) Өскенбаев (1868-1895), Абайдың баласы. Бәйбішесі Ділдәдан туған. Семей қаласындағы уездік мектепте оқып, Төмен қаласындағы Александров реалды училищесін (1889), Санкт-Петербургтегі Михайлов артиллерия училищесін (1892) бітірген. 1890 ж. унтер-офицер, 1892 ж. портупей-юнкер, подпоручик деген әскери атақ алған. Сол жылы Ташкентте артиллерия гарнизонында қызмет істеді. Неміс тілін жетік білген. Абай сүйікті ұлына арнап бірнеше хат-өлең, жоқтаулар шығарған. Әуезов - ұлы жазушының «Абай жолы» эпопеясындағы басты кейіпкердің бірі. Романның 4-інші томында Әбдірахманның, оның жұбайының қазасын аса зор тебіреніспен, ауыр куйінішпен суреттеген.[1]

Дереккөздер

  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!