Басқа мағыналар үшін Ұялы деген бетті қараңыз.
Ұялы (2005 жылға дейін – Искра)[1] — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Ұялы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Сайқын ауылынан шығысқа қарай 170 км-дей жерде, Нарын құмының еркекшөп, теріскен, жусан аралас әртүрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен сортаң сұр-құмдақ топырақты, шөлді белдемінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1533 адам (774 ер адам және 759 әйел адам) болса, 2009 жылы 1277 адамды (640 ер адам және 637 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 989 адамды (533 ер адам және 456 әйел адам) құрады.[3]
Тарихы
Іргесі 1967 жылы Искра қаракөл қой өсіретін кеңшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Ұялы ауылында және округ құрамындағы Кеңой, Науша ауылдарында "Ұялы" ЖШС-гі және басқа да шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін орта мектеп, 2 бастауыш мектеп, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, фальдшерлік пункт және мәдениет үйі жұмыс істейді. Ауыл тұрғындары автокөлік жолы арқылы қатынайды.[4]
Дереккөздер