Үлкен Бұғыты – Іле Алатауының қиыр шығысында оқшау жатқан аласа тау.
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1816 м. Солтүстік-батысында 10 км жерде Кіші (Бала) Бұғыты, батысында (20 км жерде) Сөгеті таулары орналасқан. Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 10 км.
Геологиялық құрылымы
Үлкен Бұғыты тауы карбонның және плейстоценнің, құмтас, мергель, конгломерат тау жыныстарынан түзілген.
Климаты
Климаты аридтік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –9 -10С, шілдеде 21-230С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшемі 300 — 350 мм.
Өсімдігі
Шөлейтке тән қиыршықтасты сұр, бозғылт сұр топырақ қалыптасқан. Жусан, баялыш, теріскен, көкпек басым өседі. Кезінде Үлкен Бұғытыны тау ешкілері мекендеген. Көктем және жаз айларында жайылым ретінде пайдаланылады. Баурайында Бұғылы, Алтыншек, т.б. қыстаулар орналасқан.[1]
Дереккөздер
- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3