Үкімет басшысы — мемлекеттегі жоғарғы алқалы органының атқарушы билігінің немесе оның өзін-өзі басқаратын бөлігінің басшысы.[1]
Үкімет басшысы, конституциялық құқықта — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органының жетекшісі: парламентарийлер басқаратын елдерде — премьер-министр, министрлер кеңесінің төрағасы, канцлер; үкімет басшысы жоқ президенттік республикаларда оның атқарымын орындаушы — президент. Парламентарийлік елдерде Үкімет басшысын қызметке мемлекет басшысы тағайындайды. Әдетте не парламент сайлауында жеңіске жеткен саяси партияның көшбасшысы, не үкімет одағын құрайтын партиялар көшбасшыларының бірі Үкімет басшысы болады.[2]
Дереккөздер