Үзенбаев Ештай Қолбекейұлы -1906 жылы ақпанның 15-і күні Өзбекстанның Төменгі Шыршық ауданы Балта ауылында дүниеге келген.[1]
Ештай Қолбекейұлы(қолжетпейтін сілтеме) - селекционер-генетик, ауыл шаруашылығының ғылым докторы (1954), профессор (1957), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесi (1962).
- 1931 жылы Ташкент ауылшаруашылық институтын бітірген
- 1935-1936 жылдары бұрынғы Шымкент облысы Мақтаарал тәжiрибе станциясының директоры
- 1936-1938 жылдары - Қазақтың мақта-жоңышқа өсіру тәжірибе станциясының директоры
- 1938-1946 жылдары - Ташкент ауылшаруашылық ирригация және механикаландыру институтының доценті, аға агрономы
- 1946-1960 жылдары - Өзбек КСР Ғылым Академиясының Ботаника және зоология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары
- 1960-1965 жылдары - Қазақтың мақта шаруашылығы тәжірибе станциясының директоры, осында генетика және селекция бөлімінің меңгерушісі
- 1965-1974 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Орталық Ботаника бағының директоры және генетика зертханасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері мақтаның тозаңдану және ұрықтану биологиясы, биохимиясы, физиологиясы, анатомиясы мәселелеріне, осы дақылдың радиациялық мутагенезін зерттеуге арналған; мақтаның бірқатар сорттарын (ПА-158, ПА-164, ПА-170, ПА-173) шығарды.
Ү. мақта жөнiнде 50-ден астам ғылыми еңбек жариялады.
Құрмет Белгiсi орденiмен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары:
Мақташылық, Таш., 1935; Вегетативная гибридизация хлопчатника, Таш., 1954; Генетико-селекционные исследования и задачи ботанических садов, А.-А., 1969. 1974 жылы қыркүйектің 19-ы Алматы қаласында дүниеден озды.
Ciлтемелер :
i-News.kz(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер:
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том