Құрманбек Жандарбеков (7 қаңтар 1905, Түркістан облысы Сайрам ауданы — 9 шілде 1973, Сайрам ауданы) — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1936).
Өмірбаяны
Шығармашылық қызметі
Жандарбековтың өнер жолы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алады.
- 1920 жылы Ташкент қаласындағы “Шығыс кештері” деп аталған мерекелік концертте 15 жасар бозбала Жандарбеков 1-бәйгені жеңіп алды. Ұ.Мұратбаев оның оқып, білім алуына, әншілік өнерінің қалыптасып, кең қанат жаюына көп жәрдем етті.
- Жандарбеков шығармаларының елеулі кезеңі 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдасқан тұңғыш қазақ кәсіби драма театрына келуінен басталды. Ол Қазақ драма театрының артистері С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев бастаған алғашқы өкілдері тобына келіп қосылды. Жандарбековтың бойындағы табиғи дарын, әншілік қабілет театр сахнасында оның тамаша образдар галереясын жасауына мүмкіндік берді.
- Алғашқы рөлі — М.Әуезовтің “Қарагөз” трагедиясындағы Сырым(1926). Бұдан кейін
- “Еңлік — Кебекте” Кебектің
- “Бүліншілік” спектаклінде (Д.Фурмановтың шығармасы бойынша) жазушы Фурмановтың рөлін ойнады.
- 1926 — 1930 жылы режиссер ретінде Әуезовтің “Қарагөзін”, Н.Гогольдің “Үйленуін” (Қожамқұловпен бірге) және Ж.Шаниннің “Шахтасын” қойды.
- 1927 жылы Мәскеуде өткен этнографиялық концертке қатысты. Сондай-ақ, Жандарбеков қазақтың тұңғыш ұлттық музыка театрының (Қазақ опера және балет театры) іргетасын қалаушылардың бірі болды. Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Е.Г.Брусиловскийге көп көмек көрсетіп, тұңғыш қазақ операларының жазылуына ықпал етті. Ол Бекежан, Тарғын, Жалбыр (Брусиловскийдің “Қыз-Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр” операларында), Тито (З.П. Палиашвилидің “Даисиында”), Ағаларбек (М.М.Магомаевтың “Наргизінде”), Готный (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Ямадари (Дж. Пуччинидің “Чио-Чио-Санында”), т.б. партияларды орындап, актерлік, әншілік шеберлігін әр қырынан танытты.
Жандарбековтың үздік опералық партияларының бірі — “Қыз-Жібек” операсындағы Бекежан. Әнші Бекежанның қиыннан жол табар айла-тәсілдерін, өткір де қызба мінезі мен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін сан түрлі бояумен ашып, әсерлі сомдады. Жандарбеков режиссер ретінде Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Гвардия, алға”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан — Сара” (КСРО Мемлекетінің сыйлығы, 1949), Ж.Бизенің “Кармен”, Қ.Қожамияровтың “Назугум” операларын қойды. Киноға түсіп, Жақас (“Амангелдіде”, 1939), Қадырбай (“Жамбылда”, 1953), Садық (“Біз Жетісуданбызда”, 1958), Ережеп (“Өмір жолында”, 1959), т.б. рөлдерде ойнады.[2]
1938 жылдан киноға түсе бастады:
- Жанас ("Аманкелдіде"),
- Қадырбай ("Жамбылда", 1952)
- Садық ("Оның заманы туадыда", 1957)
- Сары молда ("Біз Жетісуданбызда", 1958)
- Ережеп ("Өмір жолында", 1959) т. б.
Ол пед. қызметпен де шұғылданды (1949). 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды.
Фильмографиясы
Марапаттары
Дереккөздер