Құйын

A.
Құйын.

Құйын[1], атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса күшті дауылға айналатын кездер болады. Шағын құйындар Қазақстанның шөлейтті құмды өңірлерінде жиірек байқалады. Құйынның мысалына тромб, торнадо, циклон, қара дауыл, т.б. жатады.

Құйындану

Құйындану - 1) циклондық буырқанудың пайда болуы; 2) циклондық буырқанудың толқынды жағдайдан құйынға айналуы, яғни циклонның окклюзиялануы; 3) құйынның, мысалы, бөгеттің ық жағында пайда болуы.[2][3]

Дереккөздер

  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!