Қыпшақбаев Иса

Қыпшақбаев Иса (15.1. 1927 жылы туған, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай ауылы) — ғалым, профессор (1993), Қазақстан Ғылым Академясының академигі (2003).

1948—1997 жылы Қазақ ауыл шаруалығы институтында, Қазақ ауыл шаруалығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертеу институтындатында (1970—1978 жылдары директор), Қазақ ауыл шаруалығын механикаландыру ғылыми-өндірістік бірлестігінде (1978—1997 жылдары бас директор) ғылыми-педагогикалық, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ұстаз.

Негізгі ғылыми еңбектері ауыл шаруалығы техникасын механикаландыруға арналған. Қыпшақбаевтың басшылығымен жасалған ауыл шаруалығы дақылдарын егу және жинау, мал шаруашылығындағы қол еңбегі мен өндірістік процестерді кешенді электрмеханикаландыру, табиғи және мәдени жайылымдарды жақсарту, жем-шөп жинау және дайындау, сумен қамтамасыз ету, т.б. жұмыстарды механикаландыруға арналып жасалған құралдар мен техникалар, жел эрозиясына ұшыраған және суландырылатын жерлерге егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу және жинау жұмыстарын кешенді механикаландыруға арналған технология республика шаруашылықтарында кеңінен қолданылды. Оның ішінде ауыл шаруалығы машиналарын жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін жабдықтар, топырақ өңдейтін машиналар кешені, т.б. өндіріске енгізілді. Осы жеткен табыстары үшін 1970 — 90 ж. аралығында интститут пен Қыпшақбаев басшылық еткен бірлестік республиканың “Алтын кітабына” жазылды.

100-ден аса ғылыми еңбектің, 16 авторлық куәліктің иегері.

Құрмет белгісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан Энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!