Қубатов Рашид Жүсіпбекұлы (5.10.1928 ж.т., Түркістан облысы Ордабасы ауданы Батырата а. — 2016) –
экономика ғылым докторы (1971), профессор (1972). Ресей (1971) және Қазақстан (1992) А.ш. ғылыми академияларының толық мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). Ташкент қаржы-экономика институтын (1950) және Мәскеу мемлекеттік экономикалық институттының аспирантурасын (1953) бітірген. 1954–95 ж. республиканың бірқатар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертеушы интституттарында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. 1995 жылдан Менеджмент және маркетинг институтының ректоры. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік құны» тақырыбында доктор диссертация қорғады. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: а. ш. өнімдерінің өзіндік құнын және бағасын арзандату мен жетілдіру, сапасын арттыру жолдары, а. ш-ндағы өндірістік бірлестіктердің әлеуметтік-экономика мәселелері, өтпелі кезең экономикасы. 15 монографияның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1971) марапатталған.
[1]
Дереккөздер
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”