Қоқан 1912 |
Құрылған жылы |
1912
|
---|
Стадионы |
«Марказий» (Қоқан)
|
---|
Сыйымдылығы |
10 500
|
---|
Бас жаттықтырушы |
Нумон Хасанов
|
---|
Капитаны |
Носир Атакузиев
|
---|
Жарыс |
Өзбекстан суперлигасы
|
---|
2021 |
8.
|
---|
|
|
|
«Қоқан 1912» (өзб. «Qoʻqon 1912» futbol klubi / «Қўқон 1912» футбол клуби) — Өзбекстанның Қоқан қаласындағы футбол клубы. Өзбекстандағы ең көнекөз клуб, 1912 жылы құрылған.
Тарихы
1912 жылы жергілікті тұрғындардан құралған. Әуелі өзара ойнап үйренеді де, сосын Ресей әскерлерімен ойнайды. Футбол өнері осы клуб арқылы бүтіндей Ферғана аңғарына тарайды. Қоқандық клуб әуелде "Мускоманда" (Мұсылмандар командасы) деп аталады, бірақ Кеңес өкіметі орнаған соң бұл атауға тиым салынады да, "Қоқан" деп өзгертеді. 1926 жылы іргесі қаланған Футболдан Өзбек КСР чемпионатына қатысады.
1968 жылы тұңғыш рет КСРО чемпионатының Б класына қатысады. 1987 жылы алғашқы әрі соңғы рет Өзбек КСР чемпионы атанды. 1988 жылы тұңғыш рет КСРО екінші лигасында ойнады.
1992 жылы Өзбекстанның тұңғыш чемпионатында жоғары лигада ойнады. 1995 жылы бірінші лигаға түсіп қалды.
2010, 2011 жылдары клуб еш турнирге қатыспады да, 2012 жылы "Қоқан-2012" деген атаумен қайта құрылды. 2014 жылы бірінші лигада екінші орын алды да, араға 11 жыл салып суперлигаға оралды.
Жетістіктері
- Өзбекстан кубогының финалисі: 1992
Клуб атауларының тарихы
Жыл
|
Атау
|
1912 — 1925
|
«Мускоманда»
|
1925 — 1950
|
«Коканд»
|
1950 — 1987
|
«Мехнат»
|
1988 — 1991
|
«Автомобилист»
|
1992 — 2001
|
«Темирйулчи»
|
2002 — 2008
|
«Қоқан»
|
2009 — 2011
|
«Бунёдкор-Қоқан 1912»
|
2012—
|
«Қоқан 1912»
|
Сілтемелер