Қосым Пішенбаев

Қосым Пішенбаевұста, зергер, руда танушы. 1844 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шоқпар ауылында дүниеге келген.

Жасынан үй ішіне қажетті, күнделікті қолданыстағы әр алуан бұйым-заттарды шебер жасауымен көзге түседі. Алғаш рет Майбұлақ]] деген жерден мыс кенін тауып, оны орыс кәсіпкері С.И.Поповқа хабарлайды. Сол жерге Попов «2 мамыр 1866 жыл, ашқан 22 жасар қырғыз (қазақ) Қосым, С.И.Поповтың меншігі» деген жазулы бағана белгі орнатады. Осыдан кейін ол әр түрлі кәсіппен (ауыл ұстасы, зергер, жер өлшеуші, кен іздеуші, егінші) айналысады. 1904 – 1906 жылдары Майбұлақ кенін екінші рет қайта тауып дәлелдеді, әрі осы жерден қорғасын кені ашылып, Пішенбаев Қосым маркшейдер болып тағайындалады. Баянауыл өңіріндегі (Берікқара, Екібастұз, Жартас, Жосалы, Көктас, Қазанауыз, Майкүбі, Майқайың) мыс, көмір, қорғасын, алтын кендерін алғаш рет ашқан.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(н-с) Алматы, 2005 жыл

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!