Қорғансыздың күні (әңгіме)

"Қорғансыздың күні" кітабы

Қорғансыздың күні - әңгіме

Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.

Қысқаша мазмұны

«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған, жүдеу, үйде еркегі жоқ, соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан секілді қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та, дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық,көрген қорлықлыға шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.

Шығарма кейіпкерлері

  • Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.
  • Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.
  • Қалтай-Ақанның атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.
  • Мұқаш-Ғазизаның туған інісі.
  • Жақып-Ғазизаның әкесі.
  • Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісісі.

Тағы қараңыз

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!