Қойсары (тау, Айыртау таулары)

Қойсары

Айыртау тауларындағы Қойсары тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Айыртау (Шығыс Қазақстан облысы)

Пайда болған кезеңі

Девон

Ұзындығы

6-7 км

Ені

2-3 км

Биіктігі

771 м

Орналасуы

49°57′27″N 81°50′51″E / 49.95750°N 81.84750°E / 49.95750; 81.84750 (T)

Елдер

 Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы

Қойсары (Қазақстан)
Қойсары
Қойсары (Шығыс Қазақстан облысы)
Қойсары
 Басқа мағыналар үшін Қойсары деген бетті қараңыз.

Қойсары тауыАйыртау тауларының солтүстік-батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 771 м.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6-7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2-3 км-ге созылған.

Геологиялық құрылымы және сипаты

Девон кезеңінің орта жоғарғы бөлімдерінің жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейі тік жартасты келген, солтүстігі көлбеу, онда қалың бұта шоғырлары өскен. Бөктерінен Қызылсу, Қанай (Дресвянка) өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі

Таудың қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері өседі.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!