Қияқ, кейде қарақияқ (лат. Elymus) – астық тұқымдасына көпжылдық шөп өсімдіктерінің бір туысы.
ТМД жерінде 25 түрі өседі. Олардың ішіндегі ең негізгілері:
1. Айғыр қияқ (лат. Еlymus giganteus) масағы арпанікі тәрізді болады, көбінесе құмды жерде өседі, сондықтан да кейде мұны құм сұлысы деп атайды. Сабағының ұзындығы 50— 170 см, масағының ұзындығы 15— 20 см, жалпақтығы 2—4 см келетін ірі өсімдік болғандықтан да алып жауқияқ деп ат берілген. Алып жауқияқтың сабағы мен жапырағын өзі бастартқанға дейін, ал, масағын балауыз кезінде малдың қай түрі болса да жақсы жейді. Гүлденген соң қатайып кетеді, сондықтан шөбін гүлденуге дейін шабу керек. Тұқымы малға өте жұғымды жем: құрамында 10,9% ақуыз бар. Дәу жауқияқ көшпелі құмды тоқтатуға зор мәні бар өсімдік.
2. Сібір қияғы немесе Сары жауқияқ (лат. Еlymus sibiricus) — селдір сабақты өсімдік. Биіктігі 45—95 см. Көбінесе Сібір мен Қиыр Шығыстың шөлейт далаларында және таулы аудандарында өседі. Аздап Өзбекстанның, Тәжікстанның және Шығыс Қазақстанның тауларында да кездеседі. Тұқымын қолдан сепкен кезде сары жауқияқтың 1 гектарынан 25— 30 ц шөп, 5,3 ц тұқым алуға болады. Кейбір жерде ол 2 рет шабуға да келеді. Малдың қай түлігі болса да жейді.
3. Тарлан қияқ (лат. Elymus junceus) — тамыр сабағы қысқа, биіктігі 20—80 см болып өсетін өсімдік. Көбінесе сортаң жерге өседі. Гүлденер кезде шабылған шөбі малға өте жұғымды болады. Дәнді дақылдардың бидай және арпа сияқты түрлерімен будандастыруға Т. қ. өте құнды өсімдік.[1]
Кейбір түлдері
Дереккөздер
- ↑ Т. Мұсақұлов, орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік І-том қазақ мемлекет баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев