Қауынды – Маңғыстау үстіртінің оңтүстігіндегі ойыс.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Каспий теңізінен 30 км жерде солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ауданы 390 км2, ұзындығы 37 км, ені 17 км. Ойыс табаны теңіз деңгейінен 57 м төмен жатыр. Кемерлі шыңы көбіне әктастан түзілген және сай-жыралармен терең тілімденген. Ойыстың солтүстік-шығыс бөлігінде биіктігі 115 м қалдық төбе бар, шет жақтарында суы тұзды құдықтар (Сарышоқы, т.б.) кездеседі. Мұнда су 6 – 10 м тереңдікте жатыр. Ойыс табанында жусан, сораң шөптер өседі. Қауындының солтүстік-батыс тұсынан мұнай, газ құбырлары өтеді.[1]
Дереккөздер