Қарлұқ қағанаты

 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан тарихы

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі СақтарҮйсіндерҚаңлыларҒұндар

Қазақстанның ерте орта ғасырлардағы мемлекеттері

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басыОғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы

Қазақстанның дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттері

Қарахан мемлекеті (942-1212) жж.Қарақытай мемлекеті (1128-1213) жж.Қыпшақ хандығы Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIIIXV ғғ.)
Көк ОрдаӘбілқайыр хандығы (1428—1468)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Қазақ хандығы дәуірі

Қазақ хандығы (1465—1847)
Ұлы жүз (1715—1822)
Орта жүз (1715—1822)
Кіші жүз (1715—1824)

Ресей империясы құрамындағы Қазақстан

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Кеңес одағы құрамындағы Қазақстан

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ АКСР-і (1925—1936)
Қазақ КСР-і (1936—1991)

Тәуелсіз Қазақстан тарихы

Қазақстан (1991—қазір)



Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. немесе 8-10 ғғ. аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.

VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар VIII-IX ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки (Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. VIII-X ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан,Шаш (Ташкент), Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.

Мемлекеттің құрылуы

Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»

Территориясы

Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені - Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.

VIII-X ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.

Этникалық және тайпалық құрамы

Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47. Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған. Ол моңғол Алтайы мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұктар туралы уақыты жағынан алғашкы хабар арабпарсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте — Табариде (737 ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы айтады. Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында калған кейбір топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды. Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған». Қарлұқтар туралы деректер V ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. VII ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (XII ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген.

Сыртқы саясаты

Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.

Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта — бома халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды. Қырғыздар Минуса ойпатында мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді. Ішкі Азия даласындағы бұл маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақандықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың) қолдарында қалды». Ұйғырлардың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға және Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан алқа- бында (847—1369 жылдар) және Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған тәуелсіз мемлекет құрды.

Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи мәліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык, Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.

Kөшпелі және отырықшы мәдениет

Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. I-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.

Б.з.д. II ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. II-V ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. XI-XII ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды.

VII-XIV ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы XIV ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.

Қарлұқтардың ыдырауы

940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чигил және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісудағы билік қараханидтерге көшеді. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Қарлұқ қағанаты құлағаннан кейін, қарлұқтардың бір бөлігі солтүстіктегі Іле бойына қоныстанып, жаңа мемлекет Қарлұқ хандығын құрды [1][2]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3
  2. “Тараз энциклопедиясы”

Read other articles:

First triple crown event of 2019/2020 snooker season 2019 Betway UK ChampionshipTournament informationDates26 November – 8 December 2019 (2019-11-26 – 2019-12-08)VenueBarbican CentreCityYorkCountryEnglandOrganisationWorld SnookerFormatRanking eventTotal prize fund£1,009,000Winner's share£200,000Highest break Barry Hawkins (ENG) (147)FinalChampion Ding Junhui (CHN)Runner-up Stephen Maguire (SCO)Score10–6← 2018 2020 ͛...

Nobody's HomeSingel oleh Avril Lavignedari album Under My SkinSisi-BI Always Get What I WantKnockin' on Heaven's Door (Bob Dylan cover)Dirilis15 November 2004 (Inggris) 29 November 2004 (AUS)18 Desember 2004 (Amerika Serikat) 5 Januari 2005 (CAN) 17 Januari 2005 (SLV)GenrePop rock, Rock alternatifDurasi3:32LabelAristaPenciptaLirik - Avril LavigneMusik - Avril Lavigne, Ben MoodyProduserAvril Lavigne, Don Gilmore My Happy Ending(2004) Nobody's Home(2004) He Wasn't(2005) My Happy Ending(2004) No...

  الريال دي لا خارا (إشبيلية) (بالإسبانية: Real de la Jara, El)‏[1]    الريال دي لا خارا (إشبيلية) الريال دي لا خارا (إشبيلية) تقسيم إداري البلد إسبانيا  [2] التقسيم الأعلى إشبيلية  خصائص جغرافية إحداثيات 37°57′01″N 6°09′19″W / 37.950277777778°N 6.1552777777778°W / 37.950277777778; ...

بلونتيشم   الإحداثيات 52°21′00″N 0°01′01″E / 52.35°N 0.017°E / 52.35; 0.017  [1] تقسيم إداري  البلد المملكة المتحدة[2]  التقسيم الأعلى هنتينغدونشير  معلومات أخرى PE28  رمز الهاتف 01487  رمز جيونيمز 2655320،  و7299840  الموقع الرسمي الموقع الرسمي  تعديل مصدر...

هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها. (أكتوبر 2020) جاست دانس 2017 (بالإنجليزية: Just Dance 2017)‏  غلاف اللعبة الأوروبي على وي يو المطور يوبي سوفت باريسيوبي سوفت ميلانيوبي سوفت ريفلكشنزيوبي سوفت بونه الناشر يوبي سو

Bupati LandakLambang Kabupaten LandakPetahanaKarolin Margret Natasasejak 22 Mei 2017KediamanKantor Bupati Landak NgabangMasa jabatan5 tahunDibentuk1999Pejabat pertamaH. Agus Salim, MMSitus weblandakkab.go.id Berikut ini adalah Daftar Bupati Landak yang menjabat sejak pembentukannya pada tahun 1999. Nomor Foto Nama Masa Jabatan Keterangan Wakil Bupati Ref 1 Drs. H. Agus Salim, M.M. 1999–2001 2 Drs. Cornelis, M.H. 2001–2006 Periode pertama Nicodemus Nehen, S.Pd. 2006–2008 Periode ked...

Padam PadamPoster promosi untuk Padam Padam... The Sound of His and Her HeartbeatsGenreRomansaFantasiDitulis olehNoh Hee KyungSutradaraKim Kyu TaePemeranJung Woo-sung Han Ji-min Kim BumNegara asalKorea SelatanBahasa asliKoreaJmlh. musim1Jmlh. episode20ProduksiLokasi produksiKoreaDurasiSenin & Selasa 20:45 (KST)RilisJaringan asliJTBCRilis asli5 Desember 2011 (2011-12-05)Pranala luarSitus web Padam Padam... The Sound of His and Her Heartbeats (bahasa Korea: 빠담빠담... 그와 ...

Het TMPT-kruis van de KVNRO De Koninklijke Vereniging van Nederlandse Reserve Officieren (KVNRO) is een Nederlandse belangenvereniging voor reserveofficieren van de Nederlandse krijgsmacht. De vereniging De vereniging werd opgericht op 22 december 1917 in Utrecht als Algemene Vereniging van Nederlandse Reserve-Officieren. Op 20 april 1977 verkreeg de vereniging het predicaat Koninklijk en ging Koninklijke Vereniging van Nederlandse Reserve Officieren heten. De KVNRO houdt zich bezig de belang...

Village in Vojvodina, SerbiaKarađorđevo Карађорђево (Serbian)Village (Selo)Map of the Bačka Topola municipality showing the location of KarađorđevoKarađorđevoShow map of VojvodinaKarađorđevoShow map of SerbiaKarađorđevoShow map of EuropeCoordinates: 45°51′31″N 19°35′27″E / 45.85861°N 19.59083°E / 45.85861; 19.59083Country SerbiaProvince VojvodinaPopulation (2002) • Total590Time zoneUTC+1 (CET) •&#...

American actor (1929–1982) Vic MorrowMorrow in 1971BornVictor Morozoff[1](1929-02-14)February 14, 1929New York City, U.S.DiedJuly 23, 1982(1982-07-23) (aged 53)Indian Dunes, California, U.S.Cause of deathAccidental decapitation by helicopter rotor bladesResting placeHillside Memorial ParkCulver City, CaliforniaOther namesVictor MorrowOccupationActorYears active1955–1982Spouses Barbara Turner ​ ​(m. 1957; div. 1964)̴...

この記事の主題はウィキペディアにおける独立記事作成の目安を満たしていないおそれがあります。目安に適合することを証明するために、記事の主題についての信頼できる二次資料を求めています。なお、適合することが証明できない場合には、記事は統合されるか、リダイレクトに置き換えられるか、さもなくば削除される可能性があります。出典検索?: 突き指...

Thai princess and philanthropist MomNgarmchit Purachatra na Ayudhyaงามจิตต์ บุรฉัตร ณ อยุธยาNgarmchit (left)BornNgarmchit Sarasas(1915-06-07)7 June 1915Bangkok, SiamDied18 October 1983(1983-10-18) (aged 68)Samitivej Hospital, Bangkok, ThailandSpouse Prince Prem Purachatra ​ ​(m. 1940; died 1981)​ChildrenThirachatra Purachatra (adopted)ParentsLong Sundananda (father)Sawat Asavananda (mother) Ngarmc...

This biography of a living person needs additional citations for verification. Please help by adding reliable sources. Contentious material about living persons that is unsourced or poorly sourced must be removed immediately from the article and its talk page, especially if potentially libelous.Find sources: Muhammad Prasetyo – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (May 2015) (Learn how and when to remove this template message) H. Muhammad Praset...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Ford Prodigy – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (July 2022) (Learn how and when to remove this template message)Motor vehicle Ford ProdigyOverviewTypeConcept carManufacturerFord Motor CompanyProduction2000Body and chassisBody style4-door sedanLa...

Village in Sagaing Region, BurmaLetagawngVillageLetagawngLocation in BurmaCoordinates: 24°47′N 95°25′E / 24.783°N 95.417°E / 24.783; 95.417Country BurmaRegionSagaing RegionDistrictHkamti DistrictTownshipHomalin TownshipTime zoneUTC+6.30 (MST) Letagawng is a village in Homalin Township, Hkamti District, in the Sagaing Region of northwestern Burma.[1][2] References ^ Google Maps (Map). Google. ^ Bing Maps (Map). Microsoft and Harris Corporati...

1949 film noir Red LightTheatrical release posterDirected byRoy Del RuthScreenplay byGeorge CallahanCharles Grayson (additional dialogue)Based onthe story This Guy Gideonby Don Red BarryProduced byRoy Del RuthJoseph Kaufman (associate)StarringGeorge RaftVirginia MayoCinematographyBert GlennonEdited byRichard V. HeermanceMusic byDimitri TiomkinProductioncompanyRoy Del Ruth Productions (as Pioneer Pictures Corp.)Distributed byUnited ArtistsRelease date September 30, 1949 (1949-09...

County in South Dakota, United States County in South DakotaSully CountyCountySully Courthouse (2013)Location within the U.S. state of South DakotaSouth Dakota's location within the U.S.Coordinates: 44°43′N 100°08′W / 44.71°N 100.13°W / 44.71; -100.13Country United StatesState South DakotaFounded1873 (created)1883 (organized)Named forAlfred SullySeatOnidaLargest cityOnidaArea • Total1,070 sq mi (2,800 km2) • Land...

Frederick William StevensBorn11 November 1847Bath, Somerset, England, United KingdomDied5 March 1900 (age 52)Bombay, Bombay Presidency, IndiaYears active1870s–1890s Frederick William Stevens (11 November 1847 – 5 March 1900) was an English architectural engineer who worked for the British colonial government in India.[1] Stevens' most notable design was the railway station Victoria Terminus in Bombay (in 1996, it was renamed the Chhatrapati Shivaji Terminus in Mumbai).[2&...

Broncos UNAHDatos generalesNombre Club Broncos de la Universidad Nacional Autónoma de HondurasApodo(s) La U Pumas El Cuadro EstudiosoFundación 12 de diciembre de 1965 (57 años)Desaparición 1 de agosto de 2010 (13 años)Entrenador Alfonso RendònUbicación Tegucigalpa, HondurasUniforme Titular Alternativo Última temporadaLiga Liga de Ascenso de Honduras(2009-10) 5º Grupo A[1]​ [editar datos en Wikidata] El Club Broncos de la Universidad Nacional Autónoma de Hon...

العلاقات الأوغندية الماليزية أوغندا ماليزيا   أوغندا   ماليزيا تعديل مصدري - تعديل   العلاقات الأوغندية الماليزية هي العلاقات الثنائية التي تجمع بين أوغندا وماليزيا.[1][2][3][4][5] مقارنة بين البلدين هذه مقارنة عامة ومرجعية للدولتين: وجه المقا...