Қарасу ауылдық округі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы әкімшілік бірлік. 2017 жылға дейін Пионер ауылдық округі деп аталған.[2]
Әкімшілік құрамы
Құрамына Ащыбұлақ, Шайдана ауылдары кіреді. Орталығы – Ащыбұлақ ауылы.[3] Жер көлемі - 75624,2 га.
Халқының саны (2009, 2021)[4]
Елді мекен |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
Ащыбұлақ ауылы |
1443 |
▼1228 |
85,1 |
731 |
▼626 |
85,6 |
712 |
▼602 |
84,6
|
Шайдана ауылы |
470 |
▲713 |
151,7 |
241 |
▲378 |
156,8 |
229 |
▲335 |
146,3
|
Жалпы саны |
1913 |
▲1941 |
101,5 |
972 |
▲1004 |
103,3 |
941 |
▼937 |
99,6
|
Ауылдық округте Сартбаев атындағы орта мектеп, Шайдана бастауыш мектебі, ауылдық клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, мед.пункт бар. Ауылдық округ аумағында Ащыбұлақ, Қосмұрат ата, Көделі, Қызыл жайлаулары орналасқан.
Ауыл маңы
- Ащыбұлақ - Пионер ауылының батыс жағындағы шағын мал жайылымы. Оның Ащыбұлақ аталу себебі - ерте кезде бұл жердің суын мал ішпейтін тұзды бұлағы болған. Ащыбұқлақтың суын тұрғындар көктем, жаз, күз айларында асқазан, тері ауруларын емдеуге пайдаланған, тұзын мал жалауға пайдаланған.
- Тасқұдық - тастан өрілген терең құдық, қысы-жазы суы сарқылмайды.
- Көкбастау - айналасы көкорай шалғын бұлақ.
- "Ақби" жайылымы - адам атымен аталған Мойынқұмдағы "Пионер" асыл тұқымды қой шаруашылығының жайлауы.
- Базар сөресі - Көделі жайлауларында бәйгеде қойылған белгі.
- Көделі жайлауы - ол жерде малға жұғымды, қысы-жазы көгеріп өсіп тұратын "көде" деген шөптің атауымен аталған.
- Кішкене тау деп аталатын төбе - Талас ауданына асатын белде аяқталады.
- "Қосмұрат ата" жайлауы - ауыл маңында шөбі шүйгін, қысы-жазы малға жайлау болған.
- "Қызыл" жайлауы - тастары қызыл болғандықтан атаған.[5]
Дереккөздер