Қанафия Темірболатұлы Телжанов (1 мамыр1927, Шығыс Қазақстан облысыУәлиханов ауданы - 30 қыркүйек, 2013, Алматы) – кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967), Халықаралық жоғары мектебі ҒА-ның құрметті (1995) және ҚР Ұлттық ғылым академиясының (2003) академигі.
Суретшілік өнерге деген қабілет-икемі бойынан ерте байқалған Телжанов 1937 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды.
1953 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербургтің) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (академик М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген.
1964 – 1968 жылы Қазақстан суретшілер одағы Басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964 – 1986) болды.
1973 – 1986 жылы Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі ҚР Мемлекеттік өнер музейі) директоры.
1978 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында педагогикалық қызметпен айналысты: бейнелеу өнері (1978 – 1993), одан кейін академиялық кескіндеме (1993 – 2000, Қазақтың мемлекеттік көркемсурет академиясында, 2000 жылдан – Қазақ ұлттық өнер академиясында) кафедраларының меңгерушісі; 1981 жылдан профессор.
Шығармашылығы
Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы – “Жамал” картинасы (1955, Мәскеу, Третьяков галереясы) арқылы одаққа танылды.
Қазақ бейнелеу өнеріне елеулі бетбұрыс әкелген “Еңбек адамдары” атты топтамасына (“Атамекен”, “Домбыра әуендері”, екеуі де 1958; “Көкпар”, 1960; “Тыныштық” 1964; “Кеңес”, 1966) 1967 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы берілді.
ұлттық (“Абылай”, “Бостандық үшін”, 1990) тақырыптағы еңбектердің авторы.
Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне (“Yйде”, 1965) алғашқылардың бірі болып қылқалам тартқан суреткер.
Телжановтың “Алғашқы рет” (1954), “Қарлығаш” (1958), “Күн сәулелі өлкеде” (1960), “Жеңіс” (1975, “Төңкеріс күзетінде – 11” (1988), т.б. туындыларынан лиризмге толы асқақ поэзия байқалады.
Суретші кескіндемелік монументті картиналарымен қатар графикалық еңбектер (“Венеция” графикалық топтамасы, 1961) жасаған. Әскери жанрдағы еңбектері үшін 1968 жылы М.Б. Греков атындағы күміс медальға ие болған.
“Қазақстанның бейнелеу өнері” (М., 1974; қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) және “Қазақ КСР-інің мемлекеттік өнер музейі” (А., 1981; қазақ, орыс, неміс, француз және ағылшын тілдерінде) альбомдарын құрастырып, алғы сөзін жазды.