Басқа мағыналар үшін Қалмақкөл деген бетті қараңыз.
Қалмақкөл – Есіл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының оңтүстік-шығысында, Аққанбұрлық өзенінің сол жағалауында, Шағалалы ауылының батысында 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 308,3 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 53,1 км2, ұзындығы 10,7 км, енді жері 8,2 км, жағалау бойының ұзындығы 32,5 км.
Жағалау сипаты
Батыс және солтүстік жағалаулары жыралы-құламалы, оңтүстік мен шығысы жайпақ келген. Қызғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге, боз, т.б. өседі. Жағалауы шабындық ретінде пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5