Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев

Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев
Туған күні

29 маусым 1941 (1941-06-29) (83 жас)

Туған жері

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы

Қызметі

химик

Марапаттары мен сыйлықтары

Мемлекеттік сыйлық

Қалдыбай Жайлауұлы Пірәлиев (29.6.1941 жылы туған) – химия ғылымының докторы (1991), профессор (1992), ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994). КСРО өнертапқышы (1990).

Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.[2]

Ғылыми еңбектер

600-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. 119 КСРО авторлық куәлігі мен ҚР патентінің, 8 шет ел патенттерінің иегері.

Соңғы жылдары Америка азаматтық зерттеулер және даму қорының (CRDF) 3 гранты, АҚШ-тың Оклахома және Нью-Йорк университеті , ІNTAS гранты бойынша Бельгияның Гент университетінің ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізуде. Жаңа дәуірлік заттарды іздестіру және өндіріске енгізу жолындағы жетістіктері үшін Америка фармацевтика ғалымдарының Ассоциациясына мүшелікке қабылданған.[3]

Марапаттар

ҚР Мемлекеттік (2003), Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықтардың (2000) лауреаты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық грантының жеңімпазы.

Дереккөздер

  1. "Қазақ энциклопедиясы"
  2. Құрастырушы авторы Асангелді Отаров Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Шымыр. — Алматы: Издательство Өнер, 2007. — 816 б. — ISBN 978-601-209-017-8.
  3. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!