Қалдарбек Найманбаев

Қалдарбек Найманбаев (16.3.1939, Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Асықата ауылы – 22.9.2004, Алматы) – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001).

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды бітірген (1961). 1960 – 92 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”) журналында бас редактор (1970 – 76), авторлық құқық жөніндегі агенттік басшысы (1986 – 87), “Ара – Шмель” журналының бас редакторы (1987 – 88), “Жазушы” баспасының директоры (1988 – 92), Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы (1991) болды. 1992 жылдан өмірінің соңына дейін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының 1-орынбасары қызметін атқарды. Алғашқы повестер мен әңгімелер жинағы 1965 ж. “Даңқ тұғырында” деген атпен жарияланды. “Біз сені күтеміз, Гүлзат” (1986), “Домалақ арыз” (1987), “Жаңа жыл алдында” (1988) атты пьсалары респ. және облысы театрлар сахнасында қойылды. Ол “Көктөбе”, “От пен ойын” романдарында жекелеген адамдар қарым-қатынасы арқылы қоғамдық қайшылықтар сырын ашуға әрекет жасайды.

Шығармалары

Шығармалары шет ел тілдеріне аударылған.Шығармалары: Қоштасқым келмейді, А., 1969 (орыс тілінде 1971); Үміт өткелі, А., 1971; Сол бір түн, А., 1972;Таңдаулы шығармашылық жинағы 2 т., А., 1991. [1]

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!