Қайыпов Дүйсен[1] - (1.12.1927, Өзбекстан, Ташкент облысы қазіргі Зеңгіата ауданы – 10.6.1990, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарының докторы (1969), профессор (1970). Қазақ КСР-і ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1970). Мәскеу мемлекеттік университетін (1950), Қазақ КСР-і ҒА Физика-техника институтының аспирантурасын (1956) бітірген. Қазақ КСР-і ҒА Физика-техника институтында кіші ғылыми қызметкер (1950–57), Ядролық физика институтында лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары (1957–69), бөлім меңгерушісі (1969–90) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері гамма сәулелердің резонанстық шашырауын және Мессбауэр эффектісін зерттеу мәселесіне арналған.Ол гамма сәулелердің резонанстық шашырауын және мессбауэр эффектісін зерттеді,бұл әдістерді жасап, оны заттардың молекуласы және физикалық-химиялық қасиеттерін талдау үшін пайдаланады. Атом ядросы құрылымын зерттеу жұмыстарын басқарды.
Шығ:Таблица атомных волновых функций, А-А, 1974; Ядерный гамма-резонанс и сопутствующие процессы, А-А., 1976; Ультрахолодные нейтроны, А-А., 1985.
Пайдаланған әдебиетттер
Қазақстан Ұлттық инциклопедия 5-том
- ↑ Қазақ энциклопедиясы