Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты 1995 жыл
Штаб-пәтері Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберісі
Төрағасы Дмитрий Малахов
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/vss

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.[1]

Тарихы

Қазақстан Республикасының Жоғары сот кеңесі 1995 жылы сот жүйесін реформалау аясында консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылған. Кеңесті тікелей Қазақстан Президенті басқарып келсе, 1998 жылдан бастап ол өкілеттік кеңес төрағасына жүктелді. Кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Конституциялық Кеңес төрағасы, Әділет министрі, сонымен қатар Сенат депутаттары, судьялар, Президент тағайындайтын өзге де тұлғалар кірді.

2008-2015 жылдары Жоғары сот кеңесі мүшелерін мемлекет басшысы тағайындайтын заңды тұлға мәртебесі жоқ мекеме ретінде жұмыс істеді. Аталған кезеңде кеңестің өкілеттігі біршама артты, өйткені оған таратылған Әділет біліктілік алқасының бүкіл функциясы берілген еді.

2016 жылдан бастап Жоғары сот кеңесі заң бойынша автономиялы мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болды. Кеңес қызметі сапалы атқарылуы үшін оның жанынан өз аппараты құрылды. Одан бөлек кеңес құрамына Жоғарғы Сот төрағасы, Бас прокурор, Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Мәжіліс пен Сенаттың тиісті тұрақты комитеттерінің төрағалары, адвокат және заңгер ғалым енді.[2]

Кеңес құрамы

  • Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа адамдардан тұрады. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен тағайындайды.
  • Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымы бойынша Кеңес мүшелері болып табылады.
  • Президент Кеңес құрамына басқа адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, заңгерлер жұртшылығының өкілдерін де тағайындауы мүмкін.

Кеңес мүшелері

  1. Айтуарова Алтын Шалабайқызы (03.01.2024 бастап) — Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы
  2. Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы (03.01.2024 бастап) — Түркістан адвокаттар алқасының адвокаты
  3. Бегалиев Ернар Нұрланұлы (03.01.2024 бастап) — Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры
  4. Жақулин Әскербек Бейсембекұлы (01.06.2022 бастап) — Ақмола облыстық сотының судьясы
  5. Мырзалиев Жеңісбек Советбекұлы (01.06.2022 бастап) — Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы
  6. Нұрбеков Айдын Маратұлы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
  7. Нұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы (03.01.2024 бастап) — Жамбыл облыстық сотының судьясы
  8. Сисенова Нұрия Оралжанқызы (01.06.2022 бастап) — Жоғарғы Сот судьясы
  9. Цай Олеся Юрьевна (01.06.2022 бастап) — Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №2 аудандық сотының судьясы
  10. Шаров Ғафур Хамзеұлы (01.06.2022 бастап) — Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
  11. Калишева Жаннетта Гайсовна (01.06.2022 бастап) — Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жария құқық департаментінің құрметті профессоры[3]

Кеңес аппараты

Кеңес аппараты Қазақстан Президентінің 2015 жы­л­ғы 23 жел­тоқ­сан­да­ғы №137 Жар­лы­ғы­мен құрылды. Аппарат Жоғары Сот Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. Бұл лауазымды 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап Дәурен Болатұлы Мұратбеков атқарады.[3]

Төрағаларының тізімі

  1. Оңалсын Исламұлы Жұмабеков (2008-2012)
  2. Талғат Советбекұлы Донақов (2012-2013)
  3. Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (2013-2014)
  4. Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков (2014-2015)
  5. Анатолий Сергеевич Смолин (2015-2018)
  6. Талғат Советбекұлы Донақов (2018-2021)
  7. Денис Алексеевич Шипп (2021-2024)
  8. Дмитрий Михайлович Малахов (2024 жылдан бастап)

Сот төрелігі академиясы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі жанында ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орны Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырып, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.[4]

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!