Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы — өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы.
Тарихы
Қазақстан прокуратурасы 1922 жылдан бастап Әділет халық комиссариатының құрамында жұмыс істей бастады. Әділет халық комиссары прокурордың қызметін қоса атқарды. 1933 жылы прокуратураның құзыреті кеңейтілді: дербес болып, Әділет халық комиссариатының жанынан прокуратура басқармасы құрылды. Прокуратураның дамуындағы маңызды кезең 1936 жылы басталды, ол кезде КСРО-ның жаңа Конституциясы Қазақстанға егеменді Одақтық Республика құқығын берген болатын. Осы уақыттан бастап мемлекеттік прокуратура құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс істей бастады. 1937 жылдың қарашасында Әділет халық комиссариаты мен прокуратураны бөлу бұйрығы шықты. Прокуратура тікелей КСРО прокурорына бағынды.[1]
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1991 ж. 6 желтоқсандағы қаулысымен[2] Қазақ КСР аумағында жұмыс істейтін прокуратура органдарының базасында Қазақ КСР Бас прокуратурасына бағынысты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды.
ҚР Бас прокуратурасы жанынан
2003 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, 2023 жылы Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды.
Міндеттері
- Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру
- Заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ оның салдарын анықтау және жою
- Құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру[3]
Құрылымы
Басшылығы
- Асылов Берік Ноғайұлы — ҚР Бас прокуроры
- Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы — ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары
- Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары
- Шындалиев Әсет Қазақбайұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары
- Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары
- Садырбеков Ғабит Амангелдіұлы — ҚР Бас прокурорының орынбасары
- Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы — ҚР Бас прокуроры Аппаратының басшысы
Департаменттері
- Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті
- Стратегиялық даму департаменті
- Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті
- Қаржы департаменті
- Өзіндік қауіпсіздік департаменті
- Кадрлық жұмыс департаменті
- Ішкі аудит басқармасы
- Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы
- Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
- Шаруашылық басқармасы
- Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы
- Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
- Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі
- Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
- Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі
- Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі[4]
Комитеттері
- Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
- Активтерді қайтару жөніндегі комитет
Қарамағындағы мемлекеттік мекемелер
- Облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының прокуратуралары
- Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
- Бас әскери прокуратура
- Бас көлік прокуратурасы
Бас прокурорлар
Дереккөздер