Қажым Аманғалиұлы Басымов

Алғаш білім алған орны

Қажым Аманғалиұлы Басымов[1] (6.12.1896, Орынбор облысы Бөрілі ауданы Сарыалжын ауылы – 1938, Алматы қаласы) – педагог-тілтанушы. Орынбор қаласындағы мұғалімдер даярлайтын татар медресесінде (19101916), Уфа медресесінде (19171918) оқыған. Орынбордағы педагогика училищені ұйымдастыруға қатысты. Қапал педагогикалық техникумында (19291936), Қостанай педагогика институтында (19301934) оқытушы, Ақтөбе мұғалімдер даярлау институтында кафедра меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ тілінің синтаксис, терминология, орфография, морфология, оқыту әдістемесіне арналған.

Жетістіктері

  • Ғылыми-педагогикалық және әдістемелік мәселелерді зерттеудегі үлкен еңбегі үшін Басымовқа профессор атағы (1934) берілді.

Шығармалары

  • Латын алфавитіне көшуге байланысты жаңа орфография, А., 1930;
  • Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері, А., 1932;
  • Орфография мен терминология мәселелерін парасатты шешу қажет, А., 1935;
  • Педучилищеде сырттан оқушы мұғалімдер үшін оқу программасы мен методикалық түсіндірулер, А., 1938.

Сілтеме

[2]

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
  2. Қазақ энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!