Қадыр Баспақұлы Тайшықов

Қадыр Баспақұлы Тайшықов
Туған күні

1900 (1900)

Туған жері

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ресей империясы (қазіргі кезде - Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қазақстан)

Қайтыс болған күні

1937 (1937)

Азаматтығы

Ресей Ресей империясыКеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО

Ұлты

қазақ

Мансабы

сатирик, жазушы және аудармашы

Бағыты

сатира

Шығармалардың тілі

қазақша

Қадыр Баспақүлы Тайшықов (1900, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 1937) - жазушы, аудармашы. Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.[1]

Ташкент Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1928). 1928 - 32 жылы "Еңбекші қазақ", 1932 - 33 жылы "Оңтүстік Қазақстан" газеттерінде, 1933 - 37 жылы Қазақтың мемлекеттік баспасында редактор қызметін атқарды. 1925 жылы әңгімелері мен фельетондары "Мөлтең", "Бұйрас", "Қабсыңқа" деген бүркеншік аттармен жарияланды. "Күлмеске не" (1935) сатиралық жинағы, "Оңшы Қалжан" (1937) повестері, тағыда басқа шығармалары жарық көрген. "Таскын" атты күй, "Партизан жыры", "Полк әні", "Комсомол әні", тағыда басқа ән мәтіндерінің авторы. Орыс жазушылары Н.В. Гогольдің "Өлі жандар", Д.А. Фурмановтың "Чапаев" атты романдарын, А.П. Чеховтың, М.Е. Кольцовтың, М.М. Зощенконың, тағыда басқа бірқатар әңгімелерін қазақ тіліне аударған.[2]

Дереккөздер

  1. Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан
  2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!