Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы.
Қысқаша өмірбаяны
- 1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
- 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген.
- 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.
- 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы;
- 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері;
- 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған.
- 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.
- 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».
Хоббиі
Хоббиі - оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза.
Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле.[2]
Шығармашылығы
Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда
- “Кейіпкер философиясы”
- “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”
- “Жаңаша ойлау және әдебиет”
- “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау”
- “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады.
- Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады.
Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған
- “Таңсұлу”
- “Күнә”
- “Көсем-Көкжал”
- “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар.
Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.[3][4][5]
- "Құрмет" орденінің кавалері.
Дереккөздер
- ↑ Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-338-848-9.
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7