Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).
Өмірбаяны
- Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.[1]
- Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген.
- 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы.
- 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96).
- 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
- 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
- 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.[2]
Дереккөздер