Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев

Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы (1930 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей а.) — ғалым, заң ғыл. докт. (1967), проф. (1972), ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003).

Уақ тайпасынан шыққан.[1]

Саратов заң ин-тын бітірген (1952). 1952 — 92 ж. Философия және құқық ин-тында ғыл. және басшылық қызметтер атқарды. 1992 — 94 ж. Абай атынд. Алматы мемл. ун-тінде заң ф-тінің деканы болды. 1995 жылдан ҚР ҒА Мемлекет және құқық ин-тының директоры. Сапарғалиевтың еңбектері Қазақстан мемлекеті мен құқықтық жүйесінің қалыптасу тарихын зерттеуге арналған. “ҚР-ның еңбек сіңірген заңгері” атағымен, бірнеше медальдармен марапатталған. 200-ден астам еңбектері, оның ішінде 10 монографиясы жарық көрген.[2]

Пайдаланылған cілтемелер

  1. Дәйкенов Темірболат = Уақ шежіресі / Омаров Асан, Смайылов Ермұханбет — 2. — Астана: Фолиант, 2021. — 992 б. — 1000 таралым. — ISBN 978-601-338-848-9.
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Шығ.: Общественно-политическая деятельность ссыльных поляков в дореволюционном Казахстане, А.-А., 1971 (телавт.); Основы государства и права Республики Казахстан, А., 1994.

Е. Ерешев


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!