Ғабдұлла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев

Ғабдұлла Әбдіқожаұлы Құлқыбаев (19412006), ғалым, дәрігер. Медицина ғылымдарының докторы (1990), профессор (1992). ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003), ҚР Профилақтикалық медицина академиясының академигі (1996). Жаңаарқаның түлегі. Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетін бітірген (1963). 1963-1990 ж. Қарағанды Мемлекеттік медицина институты госпитальдік терапия кафедрасының аспиранты, ассистенті, доценті болды, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология институтының тұңғыш директоры және ұйымдастырушысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Өлкелік патология институты мен КСРО МҒА Аймақтықтамақтандыру мәселелері институты бөлімшелерінің лабораторияларының жетекшісі қызметін атқарды. 1990 жылдан Қарағандыңағы ҚР ҮҒА Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының директоры. Құлқыбаев 280-ге тарта ғылыми еңбектің (оның 20-дан астамы алыс шетелдерде жарияланған), сонымен қатар 9 монографияның авторы. Қонгрестер мен съездерде, қонференциялар мен симпозиумдарда, сонымен катар 16-Дүниежүзілік, Халықаралық қонгрестер мен симпозиумдарда ғыными баяндамалар жасады. Белыия, Франция, Ресей т. б. елдер ғалымдарымен бірлескен зерттеулермен айналысты. Құлқыбаевтың жетекшілігімен 12 ғылымдокторы, 20-дан астам ғылымдарының кандндаттары диссертация қорғады. Қазақстанның аса көрнекті ғалымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның иегері (1997). Ғылыми жетістіктер енгізгені үшін «Әл-Фараби» медалімен марапатталған.[1]

Дереккөздер

  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!