Юниорс

Аустрия Юниорс
Құрылған жылы

1946 (2007 қайтадан)

Стадионы

Вальдштадион

Сыйымдылығы

7 152

Бас жаттықтырушы

Аустрия Геральд Шляйблехнер

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма


«Юниорс» (нем. Juniors) — Аустрияның Пашинг қаласындағы футбол клубы. 2007 жылы "Пашинг" клубының орнына жаңадан құрылды. 2013 жылғы Аустрия кубогының иегері.

Тарихы

1946 жылы SV Pasching спорт қоғамының өкілдерінен құрылған. 1963 жылы тұңғыш рет Аустрия жоғары лигасына жолдама алды. Бірақ 1965 жылы қайтадан түсіп кетті де, элитаға 1976 жылы бірақ оралды. 1979 жылы қайтадан 1 лигаға түсіп қалды.

2000 жылы Аустрия кубогының финалына жетіп, ГАК клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалды. 2001 жылы жоғары лигаға көтерілді, 2002/03 жылғы маусымды 5-орында аяқтап, Интертото кубогына қатысуға мүмкіндік алды.

2004 және 2006 жылдары Аустрия чемпионатында үшінші орын алды.

2007 жылы жазда клуб таратылды да, "Юниорс" деген атаумен қайта құрылды.

2013 жылғы кубоктық жеңістен соң 2013/14 жылғы Еуропа Лигасына қатысты. Бірақ бірінші кезеңде-ақ Португалияның "Эшторил Прая" командасынан жеңіліп қалды — 0:2, 1:2.

2014 жылы "ЛАСК" командасының фарм-клубына айналды. 2018 жылы жазда бірінші лигаға жолдама алған соң қайтадан өз алдына дербес клуб мәртебесіне ие болды.

Жетістіктері

  • Аустрия кубогы иегері: 2012/13

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!