Эстуарий (лат.aestuarіum – өзен сағасының су басатын бөлігі) – өзеннің теңіз жағасына қарай кеңейген сағалық бөлігі. Эстуарий теңіз деңгейінің көтеріліп, өзен аңғарының төм. бөлігіне жайылуынан пайда болады. Ол теңіздің толысуы мен қайтуы болатын жағалауларға тән. Амазона, Ніл, Эльба, т.б. өзендер теңізге Эстуарий жасап құяды.[1]