Эстроген

Эстрогендер (лат. estrus - ағын ) — аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі. Əйелдер жыныс гормондарының тікелей алғы заты еркектің гормоны тестостерон. Əйел организміне енген тестостеронның бір бөлігі эстардиолға айналады. Əйелдердің жұмыртқалығында бір тəулікте 1 мг эстрадиол түзіледі. Əйелдердің төртінші жыныс гормоны прогестерон, ол жөнінде кейінірек баяндалады.

Химиялық табиғаты

Барлық эстрогендер С18 - стероидтарға жатады. Олардың молекуласында 10 жағдайындағы метил тобы болмайды жəне А сақинасы ароматты. Химиялық құрылымы жөнінде эстрогендердің гидроксильдік топтың болуына байланысты айырмашылығы бар. Ол жағдай олардың формулаларынан да байқалады.

Зат алмасуға əсері

Эстрогендер:

  • Əйелдердің екінші кезектегі жыныс белгілерінің дамуына жəне сүтқоректі жануарлардың жыныс жүйесіндегі қосымша бөліктерінің жетілуіне себеп болады;
  • Тері астындағы майдың бөлініп, жиналуын қолдайды;
  • Эстрогендер ақуыз синтезіне əсер етеді, организмде натрий, калий, фосфаттардың жəне судың сақталып ұсталуын іске асырады, клеткалардың өсіп көбеюін күшейтеді.[1]

Дереккөздер

  1. Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!