Элсуорт (Ellsworth Mountaіns) – Батыс Антарктидадағы Элсуорт Жерінің оңтүстік бөлігіндегі тау, Антарктида ең биік жері. Биіктігі 5140 м (Винсон тау сілемі). Ұзындығы 700 км-дей. Ірі жоталары – Сентинел және Херитидж. Сазды тақтатастан, филлиттен, құмтастан, кварциттен, конгломераттан тұрады. Таскөмір барланған. 1935 ж. осы жерді ашқан американдық полюс зерттеушісі, ұшқыш Л.Элсуорттың есімімен аталады.[1]