Эйдур Гудьонсен |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
15 қыркүйек 1978 (1978-09-15) (46 жас)
|
---|
Туған жері |
Рейкьявик, Исландия
|
---|
Азаматтығы |
Исландия
|
---|
Бойы |
185
|
---|
Салмағы |
90
|
---|
Позиция |
шабуылшы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Исландия-21
|
---|
Қызметі |
бапкер көмекшісі
|
---|
|
- ↑ Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
- ↑ Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Эйдур Смаури Гудьонсен (исл. Eiður Smári Guðjohnsen, [ˈeːiðʏr ˈsmaurɪ ˈkʏðʝɔnsɛn]; 15 қыркүйек 1978[1], Рейкьявик, Исландия) — исландиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. Әкесі Арнур Гудьонсен де футболшы болған.
Карьерасы
Клубтық
1993 жылы 15 жасында "Валюр" клубымен келісім шарт жасасты. 1994 жылы ПСВ клубына ауысты. Онда Роналдомен бірге доп тепті, тіпті Чемпиондар лигасында да алаңға шықты.
23 жылдық футболшылық карьерасында сан мәрте клуб ауыстырды. Ең ұзақ ойнаған клубы "Челси". Лондондықтар сапына 2000 жылы қосылып, 2006 жылға дейін доп тепті. Бірнеше жыл негізгі құрамда ойнаған Эйдур клубқа Дидье Дрогба, Эрнан Креспо, Майкл Эссьен келген соң қосалқы құрамда отыруы жиіледі де, 2006 жылы жазда "Барселонаға" ауысты.
"Барселона" сапында үш жыл ойнады. Алғашқы ек маусым жүлдесіз аяқталды. 2009 жылы Чемпиондар лигасын, Испания чемпионаты мен Испания кубогын, Испания суперкубогын, УЕФА суперкубогын жеңді. Сол жылы жаздың соңында "Монакоға" ауысты. Бірақ Франция чемпионатына да алаңға көп шыққан жоқ. 2010 жылдың басында "Тоттенхэмге" жалға берілді.
Кейінгі жылдарда Бельгия, Қытай, Норвегия, Англия, Үндістан чемпионаттарында ойнады.
Құрама
Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1996 жылы 24 сәуірде Эстонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Ойынның екінші жартысында әкесі Арнурдың орнына шықты.
20 жылдан соң 2016 жылғы Еуропа чемпионатында соңғы ойынын өткізді. 1/4 финалда Францияға қарсы ойынның екінші таймында алаңға шықты, бұл ойында Исландия 2:5 есебімен ұтылып қалды.
Жетістіктер
Командалық
«ПСВ»
- Нидерланд чемпионы: 1996/97
- Нидерланд кубогы: 1995/96
- Нидерланд суперкубогы: 1996
«Рейкьявик»
«Челси»
- Англия чемпионы (2): 2004/05, 2005/06
- Лига кубогы: 2005
- Англия суперкубогы (2): 2000, 2005
«Барселона»
- Испания чемпионы: 2008/09
- Испания кубогы: 2008/09
- Испания суперкубогы (2): 2006, 2009
- Чемпиондар лигасы: 2009
- УЕФА суперкубогы: 2009
Жеке
- Исландияның үздік жас футболшысы: 1994
- Исландияның үздік футболшысы (4): 2004, 2005, 2006, 2008
- Исландияның үздік спортшысы (4): 2004, 2005, 2006, 2012
Дереккөздер
Сілтемелер