Ресейдегі Петровск-Разумовский Егіншілік және орман шаруашылығы академиясын (қазіргі Н.А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы) және Санкт-Петербургтегі егіншілік институтын бітіргеннен кейін 1874 жылы Верный(Алматы) қаласына қоныс ауыстырған. Баум бүкіл ғұмырын Алматыны көгалдандыруға арнады. Қала бағының(қазіргі Орталық мәдениет және демалыс саябағының) негізін қалады, қала сыртында үлкен орман алқабын(қазіргі Баум тоғайы) отырғызуды, көшелерді көгалдандыруды, т.б. ұйымдастырды. Баум қалада бақ шаруашылығын дамытуға, сырттан әкелінген әр түрлі жеміс және сәндік ағаштар мен өсімдіктерді жерсіндіруге үлкен үлес қосты. Баум ұсынысымен қалада бақ шаруашылығы мектебі ашылды.[1]